Ақтөбе және Қостанай облыстарында егіс алқаптары шегірткеге қарсы өңделді

Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы егіс алқаптарында шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алға ауданында жоспарланған 41 мыңнан астам гектардың 39 жарым мыңы өңделді. Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника сақадай сай. Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шегірткелерге қарсы күрес барысы пысықталды. Шөбі қалың Павлодар, Қарағанды және Абай облыстары әкімдіктеріне шегірткелердің таралуына қатысты бақылауды күшейту тапсырылды. Айта кетейік, Ресейдің Орынбор облысынан шегірткелердің жаппай ұшып келуіне байланысты ауыл шаруашылығы министрі жағдайды өз бақылауына алды. Көрші елдегі жауапты ведомство өкілдерімен бірлескен іс-қимыл жүргізу үшін кездесу де өтті.