Тасқын салдарын жою жұмыстары
Қазір өңірлерде тасқынннан зардап шеккендерді баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр.
Құрылыс жұмыстары аяқталған аймақтарда халықтың алды пәтер немес баспана кілтіне ие болды. Жөндеуге келетін үйлер қалыпқа келтірілді. Қазір Ақмола облысында 273 тұрғын үй салынып жатыр. Атбасар қаласында көп пәтерлі үйлер салынуда, онда қазан айында 165 отбасы қоныстануды жоспарлап отыр. Үш ауданда 108 жеке үй салынып жатыр. 143 отбасы үшін тұрғын үй сатып алынды. Облыста екі мектеп пен балабақша қалпына келтірілуде. Ақтөбе облысында 250 үй сатып алынды, тағы 88-і бір апта ішінде сатып алынады. Өңірде 22 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру қажет. Екі мектеп пен үш балабақша құрылысы жүріп жатыр. Атырау облысында зардап шеккен 2 663 үйдің 2 599-ы бойынша залалды өтеуге шарттар жасалған. Үш мектеп қалпына келтірілуде, бір мектеп қайта салынады. Батыс Қазақстан облысында 13 әлеуметтік нысан жөнделуде. 570 саяжай үйін зерттеу жалғасуда. Қостанай облысында 153 үй, Арқалық қаласында 50 пәтерлі үй салынып жатыр. Осылайша, тұрғын үй қоры бойынша барлық жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Солтүстік Қазақстан облысында 620 үйдің құрылысы басталды. 100 үй беріліп, 391 отбасыға пәтер сатып алынды.
Тасқын салдарын жою жұмыстары
Ақмола облысы
273 тұрғын үй салынып жатыр
Атбасар - 165 отбасы баспаналы болады
3 ауданда - 108 жеке үй салынып жатыр
2 мектеп
1 балабақша қалпына келтіріледі
Ақтөбе облысы
250 үй сатып алынды
22 нысан қалпына келтіріледі
2 мектеп
3 балабақша салынып жатыр
Атырау облысы
2 599 үйдің шығыны өтеледі
3 мектеп қалпына келтіріледі
1 мектеп салынады
БҚО
13 әлеуметтік нысан жөнделеді
570 саяжай үйі зерттеліп жатыр
Қостанай облысы
153 үй салынып жатыр
Арқалық - 50 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр
СҚО
620 үйдің құрылысы басталды
100 үй берілді
391 отбасыға пәтер берілді