Ақтөбеде судан зардап шеккендердің шығынын өтеуге 8,9 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында су тасқынынан болған шығынды өтеуге 9 миллиардқа жуық теңге бөлінді.

Қаражат тұрғындардың бүлінген жиһаздары мен тұрмыстық бұйымдардың орнын толтыру үшін берілді. Сонымен қатар баспана жөндеу жұмыстарына аударылды. Жалпы өңірлік комиссия үйін су басқан 4800-ден астам адамның өтінішін қабылдаған. Осы күнге дейін 2900 отбасының арызы қаралып, тиісті төлемдер жасалды.

Нұргүл Надырбекова, облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл қаражат негізінен облыстық бюджет және Ақтөбе қаласының бюджетінен бөлінді. Шаралар әлі де жалғасуда. Бүгінгі күнге бөлінбеген отбасыларға келіп түскен өтініштер қаралып, одан да әрі қаражаттар бөлінеді.