Биыл елде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Бұл жайлы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Ақпан айында өткен кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысы құрылысқа қатысты бірқатар тапсырма берген еді.
Елде бес жылда 79 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Ол үшін салаға 12 трлн теңге инвестиция тартылған. Дегенмен баспана базынасы бұқара арасында әлі де өзекті. Әсіресе мега шаһарларда өткір тұр.
Мәселен Алматы облысында үй кезегі жыл сайын 5 мың адамға көбейеді. Қазір онда 42 мың адам тұрғын жайға мұқтаж. Оған көші-қон мен демографиялық өсім себеп екен.
Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шалғайдағы жұрт нәпақа мен жұмыс іздеп қалаларға ағылды. Әсіресе, Алматыға. Оңтүстік мегаполиске ағылған көш тек Жетісу аймағынан ғана емес, бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Шамасы келгендері қалаға кірді, шамасы келмегендері бала-шағасымен қала маңындағы саяжайларға орналасты. Көпшілігі жылдар бойы кісі есігінде пәтер жалдап жүр. Үсті-үстіне құйылған көші-қон саясатында жүйесіздік орын алды. Нәтижесінде араға жылдар салып әлеуметтік тауқымет бой көрсетті. Қазіргі таңда Алматы облысында баспанасыздық проблемасы күн санап үдеп келеді.
Биыл да 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Ол үшін ел бюджетінен 272 млрд теңге бөлінді. Енді жауаптылар қаржыдан шашау шығармай, халықты жаңа үй-жайға қоныстандыру керек. Сондай-ақ, құрылыстың сапасына да баса мән беру қажет. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай тапсырма берді.
Цитата: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек. »
Ел үйлі болу үшін мемлекет мезіретін көбейтті. Яғни жаңадан ипотекалық екі бағдарлама іске қосылды.
Меруерт Әділбаева, Отбасы банкі бизнесті дамыту басқармасының басшысы:
- «Отау» және «Наурыз» бағдарламасына қатыса алатын азаматтар, олар 18 жас пен 63 жас аралығындағы азаматтар болып табылады. «Отау» бағдарламасына қатысу үшін міндетті түрде депозит, уақыт мерзімі 18 ай болып келеді. Осы депозитке өтінім беру үшін 1 млн теңге ішінде болуы керек. Ал «Наурыз» бағдарламасы аясында міндеттелмеген мерзімі ойыншы. Бұл жерде қатысатын азаматтардың өз атында, отбасында 18 жасқа дейінгі балалардың атында соңғы бес жылда жылжымайтын мүліктің болмауы міндетті.
Алда «Наурыз» және «Отау» ипотекалық бағдарламалар аясында 150 мыңнан аса отбасы үйлі болады. Бұл дегеніңіз әр шаңырақтағы мыңдаған адамдардың ортақ қуанышы.
Автораы: Шернияз Жалғасбекұлы