Түркістан облысында 46 түрлі дәнді дақылдар сынақтан өтіп жатыр

Түркістан облысындағы тәжірибелік алаңда 46 түрлі дақыл сынақтан өтіп жатыр.

Ғалымдар мен диқандар өнім өсірудің жаңа тәсілін тексеріп, тиімді технологияны енгізбек. Сонымен қатар тұқымның климаттық жағдайға бейімделуін бақылап, түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігін сынайды. Қазір зертханалық алаңда көкөніс түрлері, жеміс ағаштары, дәнді және майлы дақылдар егілген. Арасында шетелден алынған тұқым бар. Олардың түріне қарай 3 жылдан 12 жылға дейін зерттеу жүргізіледі. Жоғары өнім берген сұрыптар ел бойынша жаппай пайдаланылады.  

Ғалым Жұмжаев, Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі комиссияның филиал басшысы:
- Облыс бойынша осындай 7 сорт сынайтын, сынақтан өткізетін учаске бар. Мына ауа райының, жердің жағдайына байланысты сөйтіп бөлінген. Жаңа айтқанымдай, жалпы өзіміздің ғалымдардың, өз мамандарымыздың шығарған сорттарынан бөлек 30-дан астам сырт мемлекеттен сорттар келеді. Соны сынақтан өткіземіз.