Күре жолдағы құрылыс қашан аяқталады?
Биыл елдегі жолдарды жөндеуге 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы қаржы есебінен 12 мың шақырым жол жөнделеді.
Бірнеше бағытта ұзақ жылға созылған құрылыс жұмыстары да аяқталуы тиіс. Жалпы биыл қай бағыттар ашылады? Жол мәселесі қашан толық шешіледі? Күрежолға қатысты осы және өзге де сұрақтарға Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр жауап береді.
- Биыл 1 трлн теңге қаржыға 12 мың шақырым жөнделеді деген жоспар бар. Ол қай бағыттар?
- Жұрт күтіп отырған автожол – Астана-Балқаш-Алматы бағыты. Жыр болған жол қашан толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Нақты уақыты бар ма? Қазір бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары қай учаскеге жетті? Қанша шақырым қалды?
Республикалық маңызы бар Астана-Алматы күрежолының құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстары аясында Қарағанды-Балқаш, Балқаш-Бұрылбайтал, Бұрылбайтал-Күрті және Шамалған станциясының айналма жолы жобалары жүзеге асып жатыр. Бұл жолдың жалпы ұзындығы – 946 шақырым. Былтыр мамандар Балқаш-Бұрылбайтал күрежолының жалпы ұзындығы 127 шақырым 3 учаскесін пайдалануға тапсырды. Биыл қалған 3 учаске қолданысқа беріледі. Жалпы ұзындығы 81 шақырым Күрті-Бұрылбайтал жолы биыл жазда тапсырылады. Қазір мамандар жол бойында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар биыл жазда Шамалған бекетінің айналма жолы да қолданысқа берілмек. Жоғарыда аталған жол учаскелері I-б техникалық санатына сәйкес төрт жолақты болатынын атап өткен жөн, – дейді спикер.
- Тағы бір маңызды бағыт – Талдықорған-Өскемен бағыты, үш облысты қамтитын маңызды жолдың жайы қалай?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Өскемен» автожолының қайта жаңару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолдың 58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады. Қазіргі таңда 748 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселді. Қайта жаңарудан өтіп жатқан «Талдықорған-Өскемен» автожолы үш облысты қамтиды: Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан. Жоба аясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарлануда. Сонымен қатар жоба аясында санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған, – дейді Жамбыл Бақтияр.
- Батыс бағытта да бірнеше ауқымды жобалар бар. Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань жолындағы жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
- Республикалық жолдар туралы айтқанда Жезқазған-Қызылорда бағыты да еске түседі. Бұл жол да жұрт күтіп отырған маңызды бағыттың бірі. Бұл аумақтағы жұмыстар қашан аяқталады?
Қызылорда-Жезқазған тас жолын жөндеу жұмысы 2026 жылы аяқталады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол – 400 шақырым. Биыл Қызылорда аумағы бойынша 210 шақырымның 140 шақырым бойынша жол қозғалысын қамтамасыз етеміз. Яғни астыңғы қабатпен жүріп-тұруға болады. Бірақ толық құрылысын, Қызылорда жағы 2026 жылы аяқтайды. Ол жақта мүлдем жол жоқ. Кейбір адамдар жолдың жағдайы нашар деп айтып жатыр. Негізі бұл өңірлердің ортасында ешқашан жол болған емес. Өз алдына жасалған бағыт болды, бірақ ешқашан жол болмаған, - деп министр Марат Қарабаев Жезқазған аумағындағы жөндеу жұмысы 2027 жылға дейін созылуы мүмкін екенін айтты. Жезқазған жағы 200 шақырым. Оның құрылысы биыл басталады. Оны 2026 жылдың соңында бітіруге тырысамыз. 2027 жылға өтеді деген де жоспар бар. Бірақ Қызылорда-Жезқазған толық 2026 жылды қамтамасыз етеді деп жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Қарабаев.
- Жалпы жол бойындағы жұмыстарға отандық компаниялар тартылған ба? Президент осындай тапсырма берген еді.
Астана мен Алматы арасындағы жолдың құрылыс сапасын кореялық компания бақылауға алды. Учаскелердің бір бөлігі жаздың ортасынан бастап қолданысқа берілсе, қалған бөлігі 2024 жылдың соңына дейін халық игілігіне тапсырылады. Жалпы ұзындығы 363 шақырым Қарағанды-Балқаш күрежолының бойында айналма жолдар мүлдем қалған жоқ. Жоба аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және теміржол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталған. Қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жолшылар асфальттың жоғарғы қабатын төсеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы тосқауыл қоршауларын орнатып жатыр. Нысанды 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру көзделіп отыр, – дейді Жамбыл Бақтияр.
- Жол құрылысына қажетті құрал-жабдық пен түрлі шикізат жеткілікті ме?
- Жол құрылысын айтқанда, жол бойындағы инфрақұрылымдық жобалар мен сервистік қызметті жақсарту жайы қалай?
- Жаңадан салынатын бағыттар бар ма?
Жамбыл Бақтияр, Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары