Биыл елімізде 948 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Биыл елде 948 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды 24kz.
Ол өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары мәлімдеді. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша 352 мыңнан аса адам жұмысқа тартылған. Олардың 148 мыңы жастар. Сондай-ақ министрлік өңірлер мен салалардағы сапалы жұмыс орындарын мониторингілеу жүйесін қолдануда. Былтырғы дерек бойынша елде 2 миллионнан аса жұмыс орны ашылған. Енді министрлік 2029 жылға дейін аталған көрсеткішті 3,8 млн-ға жеткізуді көздеп отыр. Бұл ел азаматтарының табысын орташа жалақыдан жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.