Отандық құрылыс материалдарына сұраныс артты
Елордадағы индустриялық парктің өніміне шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр.
Бұл туралы Инвестиция комитетінің төрағасы мәлімдеді
Ғабидолла Оспанқұловтың айтуынша, аталған өнеркәсіптік кешенде 110 жобаны іске асыруға 341 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Қазірдің өзінде 57 жоба пайдалануға берілді. Ал, алдағы 3 жылда 96 миллиард теңгенің жобалары жүзеге асады. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.
Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы:
- 2029 жылға дейін 150 млрд АҚШ долларына инвестиция тартуымыз керек. Әр жылға бөліп шаққанда бұл 25-27 млрд АҚШ долларына сәйкес келеді. Бұл жаңа циклді біз сапалы жүзеге асыру үшін дүниежүзіндегі елдердің тәжірибесін зерттей келе, пакеттік ұсыным жасадық. Бұл ұсынымға сәйкес ҚР СІМ 68 елшілікпен инвестиция тартумен айналысып жатыр.