Ақтөбе облысында 156 мың оқушы лагерьде демалады

Ақтөбе облысында осы жазда 156 мың оқушы лагерлерде демалады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл үшін 627 мектеп мен 49 қосымша білім беру ұйымында алаңдар жасақталды. Бұдан өзге, қазір 5 бірдей қала сыртындағы лагерь жұмыс істеп тұр. Демалыс орындарының қызметі, қауіпсіздігі тиісті ұйымдардың бақылауында. Ал, балаларға арналған бағдарламалар әртүрлі. Ерекше балаларға да жіті көңіл бөлінеді. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, биыл өңірдегі мектеп оқушыларының 98%-ін демалыс орындарымен қамту көзделген. Сондықтан алдағы күндері тағы екі лагерь жұмысын бастайды. Бүгінде қала сыртындағы лагерлердің басым бөлігі екінші маусымын аяқтағалы жатыр.

Батыржан Жүзбаев оқушы:

- Маған лагерь ұнап жатыр. Мен онкүндік лагерьді балалармен жақын араласып, неше түрлі достар таптым. Лагерьде неше түрлі үйірмелер бар. Олардың барлығына қатысып көрдім. Ұнады, күшті.

Айболат Ташпентаев, лагерь директоры:

- Балалардың қауіпсіздігін қазір қадағалап отырмыз. Олардың тамақтануын қадағалап отырмыз және де қызықты үйірмелер. Балаларға керегі сол ғой қазіргі таңда. Бірінші маусым бізде физика, астрономияға, сол аспан әлеміне саяхат болды. Қазір екінші маусымда бізде робототехника. Қыз балаларға да қосымша үйірмелер өте жеткілікті.