Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделеді

Елдегі республикалық трассалардың 92%-і қанағаттанарлық күйде, деп хабарлайды 24kz.

Ал, жергілікті маңызы бар жолдардың 87%-інің жағдайы жақсы. Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстарында сапалы жолдар үлесі едәуір көп. Ал батыс аймақтарда жағдай керісінше. Ақтөбе Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында көрсеткіш 52-76% аралығында ғана. Көлік министрлігінің мәліметі бойынша биыл елде барлығы 12 мың шақырым жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде 5 мың шақырымнан астамы республикалық трассалар. Бұған қоса, Шығыс Қазақстан облысында елдегі ең ұзын көпір пайдалануға беріледі.

Елдегі автожолдардың жай-күйі:

Республикалық жол 92%

Өңірлік жол 87%

Жоғары көрсеткіш – Жамбыл 98%, Маңғыстау 97%, Павлодар 94%

Төмен көрсеткіш – БҚО 52%, Ақтөбе 75%, Атырау 76%

2024 ж. – 12 мың км жол салу, жөндеу

Оның 5,3 мың км республикалық жол

Ең ұзын көпір 1300 метр