«Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері марапатталды

Ел Парламентінің жұмысын қалың бұқараға жеткізіп жүрген журналистер қауымы арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды 24kz.

Биыл «Парламент сөзі» сыйлығын жеті номинация бойынша 17 адам иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тапсырды. Үздік деп танылғандардың қатарында әріптесіміз, «24.kz» телеарнасының «Мәжіліс live» бағдарламасының жүргізушісі Анна Шолгина бар. «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясы болса, «Хабар» телеарнасының тілшісі Алина Бржановаға бұйырды. Ал «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациясы «Jibek joly» телеарнасының ұжымына табысталды. «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Qazaqstan» телеарнасы «Apta» бағдарламасының жетекшісі Жайна Сламбек пен «Время» газетінің бас рекдакторы Лев Тараков жеңіске жетті.