Техникалық мамандық иелері әскерден босатылуы мүмкін
Елде техникалық мамандар тапшы, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, жастар салаға жолауға құлықты емес. Бұл мәселе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін де алаңдатады. Светлана Жақыпова түлектерді техникалық кәсіпке тарту үшін ынталандыру қажет дейді. Тіпті әскерден босатуға болады. Қазір құзырлы министрліктер ұсыныстың оң-солын саралап жатыр. Елде жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Сол себепті студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу үшін электронды еңбек биржасында тиісті маркет-плэйс әзірленіп жатыр. Ал шет елдерде жұмыс істеуге ниеттенген жас мамандарға халықаралық келісімшарттарға сәйкес Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында даярлық курстарын ұйымдастыру орталықтары ашылады.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Техникалық кәсіби оқу орнын бітірген азаматтарға жеңілдіктер беру. Ол әскери борышынан босату және колледждердің ішінде кафедра ашу. Қорғаныс министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Қорғаныс министрлігі бас тартып отыр. Қазір жастар әскерден кетіп отыр деп. Бірақ біз өнеркәсіпті көтереміз десек, соған білікті маман әкелеміз десек, сондай жұмыстарды жасауымыз керек.