Биыл диқандар судан таршылық көрмейді

Биыл диқандар тіршілік нәрінен таршылық көрмейді, деп хабарлайды 24kz.

Суару кезеңі басталғалы «Қазсушар» филиалдары шаруаларға шамамен 3 млрд текше метр су жіберді. Жауапты министрліктің мәліметінше, қоймаларда 75 млрд текше метр су жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық. Биыл 800 мың гектарға жуық егіс алқабын суаруға 7,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланған.

Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:

- Су тасқыны кезінде Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. 80 млн текше метр Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар өзендеріне жіберілді. Бұл көлдерге 20 жыл бойы су бармаған. Ұлытау облысынанн Қызылорда облысына 839 млн текше метр су жіберілді. 200 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде де су көп келгені байқалды.