Түркістанда Жастар орталығы ашылды
Бұған дейін қала жастарының бас қосатын арнайы орны болмаған, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа нысан жергілікті бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілді. Орталықта арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, шахмат клубы, электронды кітапхана, шығармашылық үйірмелеріне арналған бөлмелер және шағын спортзал бар. Жаттығу залы қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 мыңнан астам жас бар. Сонымен қатар шаһардағы 2 жоғарғы және 8 орта арнаулы оқу орындарында 20 мыңға жуық студент білім алады.
Әлия Базарбайқызы, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Қаламызда еріктілер клубы осы жастар орталығының ішінен ашылды. Сол клубта біздің еріктілердің мүшелері, төрағалары отырады. Олар осы қаладағы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар, талантты жастарды қолдау, кәсіп ашу бойынша жастарға көмек береді. Қазір жаз мезгілі болғандықтан осы орталыққа келіп, түрлі бағыттағы іс-шараларды өткізуге дайынбыз.