Елімізде Түрікменстанның Мәдениет күндері басталды

Осыған орай елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Түрікменстанның қолөнер, тігіншілік өнер шеберлерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Келушілер назарына ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар, әлемге әйгілі шығыс кілемдері ұсынылды. Салтанатты шара гала-концертке ұласып, түрікменнің өнер жұлдыздары эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады. Мәдени шаралар легі 27 маусымға дейін жалғасады.

Хандурды Бердиев, Алп Арслан атындағы Түрікменстан ұлттық драма театрының жетекшісі:

- Біз түрікмен халқының ұлы ақыны, ойшылы Мақтұмқұлы жайында премьерамызды алғаш рет сахнағалы жатырмыз. Бұл қойылым өз елімізде әлі көрсетілмеген, оның тұсаукесерінің осында өтуі, қазақ еліне деген құрметімізді көрсетеді. Мұндай шаралар қос елдің мәдени-рухани байланысын нығайта берерін сенім мол.