Алаяқтарға алданғандар 140 млрд теңгесінен айырылған
Алаяқтар айылын жияр емес. Былтыр қаскөйлердің құрбаны болған қазақстандықтар саны 44 мыңға жеткен.
Олар 140 млрд теңгесін айлакерлердің қалтасына салып берген. Тұрғындарды алдап соғуға жасанды интелект, заманауи IT-технология және психологиялық манипуляциялар жиі қолданылған. Оның үстіне қылмыскерлердің көбі шетелде отыратын көрінеді. Осыған байланысты, оларды ұстау қиынға соғып тұр.
Алайда алаяқтарға қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы құзырлы орган өзге елден түскен 44 млн күдікті қоңырауды бұғаттаған. Оған қоса 60-қа жуық қылмыстық кибер-топ мүшелері ұсталыпты.