МӘМС жүйесі жетілдіріледі
Өңірлерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүйесіндегі азаматтардың мәртебесін нақтылау үшін арнайы штабтар құрылды.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Оның айтуынша, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша сақтандыру жүйесі 3 негізгі міндетті шешеді.
Атап айтсақ, науқастарды емдеу үшін қолайлы жағдай жасалады, мемлекет пен жұмыс беруші азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі ортақ жауапкершілік алады. Сондай-ақ, медициналық көмектің барлық түрі қолжетімді болады.