Сенат ұйымдастырған «Парасат» байқауының жеңімпаздары анықталды
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Парламент сенаты ұйымдастырған «Парасат» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Арнамыздың Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Айдарбек Айтмұхамбетұлы үздіктер қатарынан көрінді. Сенат төрағасы қазақ журналистикасының дамуына үлес қосып жүрген тілшілер қауымына ерекше алғысын білдірді. Сондай-ақ бүгін «Аманат» партиясының «Аманат» медиа сыйлығы өз иелерін тапты. Байқауда 24кз арнасының «Арнайы жобалар» бөлімінің тілшісі Айғаным Достанбай көш бастады. Тағы бір топ журналисті Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары құттықтап, алғыс хат табыстады. Марат Әзілханов өз сөзінде еліміздегі игілікті кезеңдер мен төтенше жағдайларда оқиғаның бел ортасынан табылып, халыққа уақытылы әрі шынайы ақпарат таратуға атсалысатын жиырма төрттіктердің еңбегін ерекше атап өтті. Бұл құрметтен ұжым басшылығы да шет қалмады. Арнаның шеф-редакторы Мәншүк Сайфуллина, бас редактор Арман Әмен, «Дневная смена» хабарының жүргізушісі Қайыржан Смағұлов Ассамблеяның «Алғыс» төсбелгісінің иегері атанды.