Этномедиация – ұлтаралық татуластыру құралы

Этномедиацияны дамыту жалпыұлттық бірлік пен татулықтың кепілі.

Елордада сала мамандары бас қосып, қоғамдық келісімді нығайтудың тетіктерін қарастырды. Себебі этномедиация елде енді құрылған жаңа бағыт. Оның ұлтаралық қақтығыстарды шешу мен этникалық топтардың интеграциясын нығайтудағы маңыздылығы жоғары. Жиынға сарапшылар мен медиаторлар, зерттеушілер қатысып, этномедиацияны ілгіреулету бойынша өз ойларын ортаға салды.

Талғат Қалиев, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:

- Этномедиация орталығы президенттің тікелей бастамасымен құрылған. Оның мақсаты не, қазір қоғамда бір этносты бір де бір мемлекет жоқ. Сондықтан әр қоғамда әлеуметтік қақтығыс пайда болғанда ол этносаралыққа айналып кету мүмкін. Этномедиацияның мақсаты сондай бір қақтығыс болған жағдайда оны этносаралық шиеленіске жеткізбей, сол жерде татуластыру.