Аягөзде әскери жиын өтті

Аягөз гарнизонында оқу-әдістемелік жиын өтті.

Онда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлерді даярлау тәсілдерін жетілдіру мәселелері қаралды. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі, Бас штаб құрылымдық бөлімшелері мен әскери жоғары оқу орындарының бастықтары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары мен өңірлік қолбасшылықтар қатысты. Жиынға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов басшылық етті.

Дәурен Абдуллин, ҚР ҚК Бас штабы жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары:

- Бұл негізі іс-шараның мақсаты Аягөз гарнизлнының әскери қалашығы, оқу полигоныны қалыпқа келтіру тапсырмасы болатын. Оқу-жиынның барысында негізні сабақтар бұл жаңағы қарсыластың броньды техникаларын жою, қарсыластың ұшақсыз ұшатын аппараттарына қарсы тұру, жай қарудың жауынгерлік мүмкіншілігін тексеру және басқару пунктінің елді мекенждерінде орналасуы бойынша сабақтар жүргізілді.