Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық жоспары іске асырылып жатыр
Елде мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша ұлттық жоспар іске асырылып жатыр.
Өйткені олар үшін инфрақұрылым жеткіліксіздігі мен әлеуметтік қызмет сапасының төмендігі секілді мәселелер өзектілігін жоймай тұр, деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Қазақстанда 725 мың адамның мүгедектігі бар. Олардың 420 мыңнан астамы еңбекке жарамды, 200 мыңға жуығы зейнеткерлер болса, қалғаны 18 жасқа дейінгі балалар.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- 2023 жылы мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына факультативті хаттама ратификацияланды. Әлеуметтік кодекс шеңберінде мүнедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру.