Адам саудасына қарсы заң мақұлданды
Сенат «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңды мақұлдады.
Бұл – бүгінде көптеген ел үшін өзекті саналатын адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу шараларын қамтитын құжат. Сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылған.
Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша елімізде жыл сайын адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Оның ішінде, адам саудасы құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың да заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі.
Мемлекет басшысы бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында адам саудасына байланысты және мәжбүрлі еңбектің құрбаны болған шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық адамға көмек көрсету жөнінде нақты шаралар қабылдауға ерекше назар аударған еді.