Қонаевта атыс болып, бір адам қаза тапты
Қонаев қаласында атыс болып, салдарынан бір азамат қаза тапты. Бірнеше адам ауруханаға түсті.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Алматы облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға сөзге келісе алмаған екі топтың арасында кикілжің туындауы салдарынан болған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдікті ретінде екі адамды іздестіріп жатыр. Олдардың қайда бой тасалағаны әзірге белгісіз.
Мәлік Қабдуалиев, облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Аталған факті облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында.