Түркістанда терроризмді насихаттағандар ұсталды
Түркістан облысында лаңкестікті насихаттаған 4 күдікті ұсталды.
Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған. Сәйкесінше радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы мүмкін.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдер табылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің прокуратура органдары және Ішкі істер министрлігі бірлесе атқарған іс-қимыл нәтижесінде олардың барлығы Қазақстан азаматтары екені анықталды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр.