Жол мәселесі. 62 млн теңге айыппұл салынды

Елдегі республикалық маңызы бар автожолдардың құрылыс учаскелерінен 2,5 мыңнан астам ақау анықталды.

"ҚазАвтоЖол" мамандарының мәліметі бойынша, бұл деректер былтыр белгілі болса да, кемшіліктің 14 пайызы әлі жойылмаған. Соның ішінде Абай, Атырау, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тиісті жұмыстар жөнді атқарылмаған.

Ал «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» мамандары құрылыс материалдарынан 10 мыңға жуық сынама алды. Келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді орындамаған техникалық қадағалау компанияларына 62 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 18 сарапшы жұмыстан босатылды.