"Жүректен жүрекке". Екінші кезең басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының екінші кезеңін іске қосты.

Шара су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Бұған дейін ассамблеяның 12 мыңнан астам еріктісі су басқан өңірлерге қол ұшын созды.

Сондай-ақ жоба аясында аймақтарға 770 миллион теңгеге 1,5 мың тоннадан астам азық-түлік пен қажетті тауарлар жіберілген.

Ал осы жолы ассамблея мүшелері Ақмола және Қостанай облыстарындағы зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға көмектесуде. Баспананы алғашқылардың бірі болып Ақмола облысындағы Державинск ауылының тұрғындары алды. Енді олар Арқалық қаласының тұрғындарына жәрдем бермек.