«Бәйтерек» зымыран кешенінің құрылысы 2028 жылы аяқталады

Экологиялық таза тасымалдағыштарда ғарыш аппараттарын сәтті ұшыру үшін мамандардың бірлескен жұмысы қажет.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды 24kz.

Үкімет басшысының өңірге сапары «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің құрылысымен танысудан басталды. Кешен құрылысын 2028 жылы аяқтау жоспарланған. Ал 2025 жылы алғашқы ұшу сынақтары басталады. Олжас Бектенов монтаждау-сынақ кешенін, сондай-ақ зымыран көлеміне есептелген көлік қондырғыларын қарап шықты. Үкімет басшысы Байқоңыр қаласының даму жоспарымен де танысты. Қаланың қарқынды өсуін ескере отырып, әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй қорын ұлғайту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Қайрат Нұртай, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі:

- Газдандыру мәселесін айта кету керек. Кезінде бұл жерде әр үйдің қасында газгольдер болып жасалған. Ол кезде тұтыну бағасы 600-700 теңге болса, қазір қазақстандық газбен толық қамтамасыз етілді. Қазір 16 теңге түсті. Ресей тарапы жылу орталығын мазуттан біздің газға ауыстырып жатыр.