Абай облысында Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа отырысы өтті
Еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқыны салдарын жоюға 5 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Олардың біразына бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Абай облысында ведомствоның көшпелі алқа отрысында алғыс айтты. Әрі Мемлекет басшысының Жарлығымен II дәрежелі «Айбын» ордені мен «Жауынгерлік ерілігі үшін» медалдары табысталды. Ведомство басшысы, әскерилердің батылдығы мен адалдығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қарулы күштердің басты міндеті жауынгерлік дайындықты қолдау екендігін тілге тиек етті.