Екібастұзда электр қуаты төмендеді

Екібастұзда № 2, 3, 4 және 7-энергоблок жұмысы уақытша тоқтады.

Техникалық ақау таңғы сағат 5 жарым шамасында болған. Станцияның өндірісі 2080 МегаВаттан 320 МегаВатқа дейін төмендеген. Алайда, тұрғын үйлерде жарық өшпеген дейді мамандар.

Қазір №2, 4, 8-энергоблоктар жұмыс істеп тұр. Қалған желілерді іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тергеп-тексеруді бастады.