Р. Скляр Павлодар облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Вице-премьер Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 нысандарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге облыс әкімі Асайын Байханов жылу магистральдарды реконструкциялау туралы баяндады. Жылыту желісінің жалпы ұзындығы 4 шақырымға жуықтайды. Өз кезегінде Роман Скляр ТМ-7 магистралін жаңартуға қатысты қолдау көрсететінін жеткізді. Өңірде бас-аяғы төрт жылу жүйесі жөнделген. Ал үкімет резервінен ұзындығы 3,5 шақырым болатын жаңа магистраль салуға қаражат бөлінген. Жалпы вице-премьер жаңа жылыту маусымына дайындыққа аса жауапкершілікпен қарауды ескертіп, барлық қажетті жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы жүргізілуі керектігін айтты.