Алматыда әлдекім ойын алаңына смола төгіп кеткен

Кішкентайларға өшіккен кім? Алматыда балалар тебетін әткеншектер мен сырғанақтарға әлдекім қасақана смола төгіп кеткен.

Өзге де құрылғылардың жайы осындай. Жаңа ойын алаңына енді ешкім аяқ баса алмай отыр. Өйткені мұнда сырғанап, әткеншек теппек түгілі смола күн ысыса еріп, киімнен де денеден де кетуі қиын.

Қаскөй мұндай әрекетке не үшін барғаны түсініксіз. Жағдай Алмалы ауданында болған. Аула тұрғындары қаскөйдің бетперде жамылып келгенін айтады. Қазір полиция оны іздеп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі: