Бас прокуратура: қылмыс саны 8% төмендеді
Елімізде қылмыс саны 8%-ға төмендеді. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында мәлім болды, деп хабарлайды 24kz.
Прокурорлар биыл алты айда 800 азаматтың нақақтан нақақ қылмыстық іске тартылғанын анықтады. Сонымен қатар қамауда заңсыз ұсталған 708 адам босатылып, 2 азамат ақталған. Конституциялық құқықтың бұзылу көрсеткіші үш есе кеміді. Жалпы әлеуметтік-экономикалық саладағы жұмыс нәтижесі бойынша прокурорлар 2,5 млн азаматтың құқығын қалпына келтірді. Осылайша, 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалып, 75 адам сотталды.