Қостанайда жүргізушілерді дайындайтын автополигондар салынады
Қостанайда практика жүзінде жүргізушілерді дайындайтын полигон көбейеді, деп хабарлайды 24kz.
Ал, автомектептер мен техникалық қызмет көрсету станцияларына талап күшейтіледі. Бұл туралы өңірге іссапармен барған Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева айтты. Мамандандырылған орталықта бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ. Өйткені жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер әуелі онлайн режимде кезекке жазылып, кейін емтихан тапсырады. Арқалықта қосымша полигон ашылды. Тағы біреуі Лисаков қаласында салынып жатыр. «Енді теориялық білім сапасын арттыру үшін де жаңа талаптар енгізу керек», - дейді Мәжіліс депутаты.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бүгінде автомектептер лицензия алмайды. Рұқсат құжаттар керек емес. Олар құр хабарландыру тәртібімен жұмыс істейді. Кәсіби қауымдастық: «Авто оқыту саласын бір тәртіпке келтіру керек» деген мәселені көтеріп жүр. Техникалалық бақылау станциялары да оңып тұрған жоқ. Кейбіреуі құрал-жабдығы болмағандықтан, тексермей, қағаз толтырып, өткізе береді. Біз заң жобасын Сенатқа жібердік. Жақын арада бұл саланы бір жүйеге келтіреміз деп ойлаймын.