Елордада әуежайлар мен вокзалдардың жұмысы күшейтілді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде Астанадағы әуе айлағы тәулік бойы қызмет етеді, деп хабарлайды 24kz.
Сол себептен елордада әуежай жұмысы күшейтілген режімге көшті. Қосымша қызметкерлер мен диспетчерлік құрам жұмылдырылды. Қосалқы құрамда тағы 100-ден астам маман бар. Шет тілдерін жетік меңгерген волонтерлер де атсалысады. Алматы мен Қарағанды әуежайлары да кез келген сәтте ұшақ қабылдауға сақадай сай. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Күнделікті әуе рейстері кестеге сай жүзеге асырылады. Теміржол вокзалдары да қалыпты жұмысын жалғастырады. Онда да қауіпсіздік сақтау шаралары барынша қолға алынған.