515 шетел азаматы елден шығарылды
Шымкентте заңсыз жүрген 515 еңбек мигранты елден шығарылды, деп хабарлайды 24kz.
Көші-қон полициясының мәліметінше, дені Өзбекстан азаматтары. Олардың еңбек шартының мерзімі өтіп кеткен. Елде уақытша тұруға рұқсат алған 4 мыңға жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс берушілер мен заң бұзғандарға 24 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазір қалада құрылыс алаңдары мен сауда орындары тексеріліп жатыр.
Қуат Мырқасов, қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының м.а.:
- Шымкент қаласы аумағанда қазір рейдтік іс-шара жүріп жатыр. Оның басты мақсаты – бізде үлкен құрылыс объектілері бар, базарлар бар, үлкен сауда орындары бар. Сол жерлерде заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау болып табылады. Бүгінгі таңға дейін ел аумағынан 515 адам аластатылды. Яғни, әкімшілік кодекстің 517-бабы, 5-тармағына сәйкес.