Депутаттар Алматының кептелісін азайту мәселесін талқылады
Жол құрылысына қажетті жер телімдерін алдын ала белгілеп, мемлекеттік меншікке өткізіп қою керек. Бұл туралы Алматы облысына жұмыс сапарымен келген сенаторлар айтты, деп хабарлайды 24kz.
Олар Үлкен Алматы айналма автожолының жұмысымен танысып, көлік ағынының жыл сайын артып келе жатқанын көрді. Қазір тәуліктік көлік қозғалысы 46 мыңнан асады екен. Жол мамандары болашақта кептелісті болдырмас үшін мәселені осы бастан шешу амалдарын қарастырды. Ол үшін Қарасай ауданында күре жолға кіретін тағы бір қосымша жол салу керектігін айтты. Депутаттардың пікірінше, жер телімдерін алдын ала белгілеп қойса, жол құрылысына кететін шығын да азаяды.
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Отыз бір шақырым жерге жоспар бар, сол жерге жол салатын. Біз қазір ғана біздің депутат, мәслихат депутаттары, облыс депутаттары сол жолды мына жаққа 30 метр, мына жаққа 30 метр біз сол жерді резерв жасауымыз керек. Неге халық оны алып алады да, сосын Үкімет оны қанша миллиард ақшаға сатып алады. Сол үшін біздің айтып жатқанымыз қазір сол мәселені осы жиналыстан келген соң Сенатта өзіміз ұсыныс береміз Үкіметке.