Орман шаруашылығына техника алуға ₸40 млрд бөлінеді

«Семей орманы» резерватына 10 заманауи техника сатып алынады деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Абай облысына сапары кезінде айтты. Министр резерваттың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын көрді. «Семей орманы» аумағында жаңа техниканың көмегімен өртенген ағаштар кесіліп, әзірленіп жатыр. Биыл орман шаруашылығына техника алу үшін бюджеттен 40 миллиард бөлінеді.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- 63 мың га ағашымыз тұр ғой. 6 мың куб метр. Енді соны тазалау жұмысының барысын көріп шықтық. 29 бригада жасап жатыр екен. 30 мыңдай ағаш әзірленген. Үлкен бір компания жұмысқа кіріскен екен. Күніне 170 шаршы метр жасап жатыр. Өмірі біз көрмеген харвестер және форвардер техникаларының көмегімен. Бұл таңғаларлық жағдай.