Шемонаиха ауданының халқы жол және интернет мәселелерін көтерді
«Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашинов Шығыс Қазақстан облысына барып, тұрғындарды мазалаған түйткілдермен танысты, деп хабарлайды 24kz.
Шемонаиха ауданының халқы шұрық-тесік жол және интернет байланыстың баяулығы, тағы жұмыссыздық сияқты мәселелерді көтерді. Депутат Ерлан Саиров жоғарыда айтылған барлық шағымның ескерілетінін айтып, ауданда әлеуметтік-экономикалық жобалар қолға алынғанын тілгі тиек етті.
Ерлан Саиров, ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:
- Бұл ауданда әлеуметтік-экономикалық жобалар іске асып жатыр. Кіші бизнес саласында, агросекторда үлкен-үлкен жобалар бар. Жаңа ғана біз осы сауын сиырлардың фермасын көрдік. Осы «Amanat» партиясының бағдарламасының нәтижесінде салынған. Бұл жерде сүт Өскемен қаласына жеткізіледі. Және 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.