Қазақстан-Қытай. Әуе тасымалының әлеуеті зор
Қазақстанның Қытаймен арадағы әуе байланысына тоқталсақ. Екі ел арасында апта сайын 43 жолаушы рейсі іске асады.
Оның ішінде Шыңжаң ұйғыр автономды ауданы арқылы 17 әуе рейсі ашық. Алматы-Үрімші бағытында 13 және Астана-Үрімші бағытында 4 рет қатынайды.
Алматы мен Бейжің арасындағы әуе жолаушыларының тасымалы 14 рет іске асады.
Ал Астана мен Бейжің бағытындағы жолаушы ұшақтары 6 рет ұшады.
Алматы-Сиянь және Алматы-Ханчжоу арасындағы жолаушылар рейсі тұрақты жүзеге асады.
Бұдан бөлек, аптасына бес рет әуе арқылы Чэнду-Алматы-Будапешт бағытындағы жүк тасымалы іске қосылған.