Елордада 15 автобустың бағыты өзгереді

Саммит күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей, таңғы сағат 6-дан түнгі сағат 11 жарымға дейін жұмыс істейді.

Бұл туралы City Transportation Systems жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері мәлімдеді.

Сондай-ақ бұл күндері 15 автобустың жүру бағыты өзгереді. Оның басым бөлігі Байтұрсынұлы мен Қалдаяқов көшесімен қатынайтын қоғамдық көліктер. Енді олар уақытша Қошқарбаев даңғылымен айналып өтеді.