БҚО-ның Теректі ауданында судан зардап шеккендерге баспана береді

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жүзден астам үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Көбі Подстепное ауылында салынуда. Баспана тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға беріледі. 3 бөлмелі үйдің ауданы 80 шаршы метр болады. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев құрылыс алаңына барып, тұрғындармен кездесті.

Нартай Сарсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл елдің, халықтың көңілінен шығу керек. Өйткені «бұл табиғи апат», дегенмен, халық мұны сұрап, тілеп алған жоқ. Енді құрылыстың сапасын мен қазір жаман немесе жақсы деп айта алмаймын.Өйткені құрылыс саласының маманы емеспін. Бірақ осы ауладағы тұрғын көңілінен шыққанын айтып отыр.