Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің заң талаптары насихатталды
Тұрмыстық зорлық - зомбылықпен күресуге бағытталған заң талаптары кеңінен насихатталуда.
Оның ішінде алимент өндіре алмай жүрген аналардың проблемасы кезек күттірмейді. Лудоманиямен күресуге де күш салу керек. Ақтөбенің белсенді әйелдерімен кездескен Мәжіліс депутаттары Дания Еспаева мен Жұлдыз Сүлейменова осы мәселелерді бірге талқылады. Қабылданған заңдардың маңыздылығын айтып, «Аманат» партиясының жанындағы әйелдер қанатының 10 бағытын баяндап берді. Сонымен қатар, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, саяси шешімдерге белсене араласуын қамтамасыз ету жайы сөз болды. Кездесуге іскер қыз-келіншектер, жергілікті кеңестердің мүшелері де қатысты. Халық қалаулылары өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға да барады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Аудандарға барамыз. Мен өзім Ырғыз ауданына оның ішінде Нұра ауылына, сонымен қатар Қобда ауданына, сосын Әйтеке би ауданына, Мұғалжар ауданына барып, су басқан өңірлердегі жасалып жатқан жұмысты өз көзіммен көргім келеді, халықпен кездесемін. Ұсыныс-сұрақтардың барлығын жазып алып, біздің республикалық штабқа да жеткізетін боламын.