ШЫҰ саммиті жайында ел не дейді? БЛИЦ
Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті басталады.
Төрткүл дүние көз тіккен жиын туралы бұқараның пікірі қандай? Астанада өткелі отырған саммит туралы ел не деп жатыр? Бұдан не күтеміз? Жалпақ жұрттың пікірін тілшіміз біліп қайтқан еді. Тыңдайық.
- Халықтың қамын ойлап президенттеріміз бас қосайын деп жатыр деп ойлаймын. Өйткені көп елдің президенттері бас қосайын деп жатыр. Тек жақсылықпен келсін.
- Елге көптеген көшбасшылардың келуі Қазақстанның имиджін көрсетеді. Мұндай ірі саммиттің елде өтуі біз үшін де мәртебе. Әлем көз тігіп отыр. Стратегиялық жоспарымыздың нығаюына көмек деп білемін.
- Дәл Қазақстанда өткенін өте қолдаймын. Өйткені біздің Қазақстанды жақсы көрсетеді сыртқы саясат жағынан.
- Еліміздің болашағы үшін мынау жастарымыз өсіп келе жатыр. Соларға жағдай жасап, әлі де бұдан да күшті бола берсін.