Оралда 15 отбасы баспаналы болды
Орал қаласында 15 отбасы баспаналы болды. Олардың үйі су тасқыны кезінде бүлініп, апатты деп танылған еді.
Зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананы өңірдегі трансформатор зауытының басшылығы сатып әперді.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, демеушілер бүгінге дейін саяжайда тұрған 800-ге жуық адамға пәтер кілтін табыстапты. Алда тағы 1 мың 500 үй алуды көздеп отыр. Сондай-ақ аудандарда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа үйлер салынып жатыр.
Ольга Чепилко, қала тұрғыны:
- Өте қуаныштымыз. Енді балаларымен қаланың қақ ортасында орналасқан жаңа үйде тұрамын. Бұл – біздін арманымыз еді. Үйдің жанында мектеп, балабақша – бәрі бар.
Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:
- Қазір қаладағы Жұлдыз, Дерқұл шағынаудандарында және Зачаган кентінде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жер үйлер салынып жатыр. Мердігерлер анықталды. Бірінші қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.