Елордада қауіпсіздік күшейтілді

Қазақстанның 4 қаласында әуежайлар мен вокзалдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, елордада қауіпсіздік шаралары қатаң жүргізіліп жатыр. Ондай кезде тұрғындар өздерін қалай ұстауы тиіс? Т

Мерей Қанапия, тілші:

- Бүгін Астанада террористік қауіптің сары деңгейінің енгізілгеніне 2-күн. Ол жағынан астаналықтардың хабары бар ма, жоқ па қазір сұрап білеміз.

Блиц 1:

- Ол туралы ештеңе білмеймін.

- Сары деңгей енгізілгенде өзіңізді қалай ұстау керек содан хабарыңыз бар ма?

- Білмеймін, байқап жүру керек шығар.

Блиц 2:

- Мына жақта байқаған жоқпын. Біз жалпы қарапайым халық болып біле бермейтін жағдайлар көп. Мүмкін дұрыс шығар.

- Жалпы Астанада не болып жатқанын білесіз бе қазір?

- Иә, ШЫҰ саммиті.

Блиц 3:

- Мен Астанаға қонақ болып келдім. Жалпы қауіптің сары деңгейі енгізілгенін білемін. Ол ұшақтан түсіп, әуежайдың алдына шыққаннан бастап сезіле бастады. Түрлі техника, әскери адамдар. Мүмкін бұл бір жағынан саммитке де байланысты шығар деп ойлаймын. Шыны керек, қауіптің сары деңгейі кезінде өзімді қалай ұстау керектігімді білмейді екенмін.

Блиц 4:

- Жалпы қауіптің 3 деңгейі бар екенін бұрын естігенмін. Қателеспесем, елде осыған дейін де енгізілген сияқты. Қазіргісін енді естіп отырмын. Қай жағынан қарасақ та, ең бастысы, біздің қауіпсіздігіміз ғой. Алдағы уақытта осындай жайттарды үнемі ескеріп жүремін.

Сары түс –қауіптің ең төменгі деңгейі. Халықаралық саммит аясында енгізіліп отыр. Әлемдік тәжірибеде бар. Яғни, қалада көлік қозғалысы шектеліп, мәдени және халық көп жиналатын орындарда тексеріс күшейеді. Ондай кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары аса маңызды шаруалар болмаса, үйден шықпауға кеңес береді.

Аманжол Оразбаев, «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы:

- Лаңкестік қауіптің сары жағдайында көшедегі адамдарды ешкім рұқсатсыз тоқтатып, тексеріс жүргізе алмайды. Яғни, тәртіп сақтап, тыныш жүрсеңіз, бірде-бір адамның сіздің құжаттарыңызды сұрауға құқығы жоқ. Қазір президенттердің  халықаралық саммитке жиналып жатқаны белгілі. Сол жиын аясында аздаған уақытша шектеулер болады.

Осы орайда саммит Астанада өтіп жатыр. Неге Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларында қауіптің сары деңгейі жарияланды деген сұрақ мазалауы мүмкін. Мамандардың айтуынша, халықаралық жиын аясында 10 мыңға жуық қонақ келеді. Оларды аталған аймақтарға апарып, арнайы экскурсия өткізу жоспарланып отыр.

Аманжол Оразбаев, «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы:

- Президент пәрменімен террористік қауіптің 3 деңгейін қолданысқа енгізу туралы жалпы қаулы 1999 жылы қабылданды. Әлем елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, өзімізге енгіздік. Мысалы Жапония мен Германия халқы осындай лаңкестіктің алдын алу іс-шараларына әбден үйренген. Аяқ асты төтенше жағдай бола қалса, уайымға берілмей, сабыр сақтайды. Біз де сондай деңгейге жетуіміз керек.

Террористік қауіптің сары деңгейі 5 шілдеге дейін енгізілді. Яғни 4-інен 5-іне қараған түні сағат 00.00-де алынады. Сондықтан мамандар құқық қорғау органдарының жұмысына түсінікпен қарап, заңды талаптарды сақтауды өтінеді.

Авторлары: Мерей Қанапия, Нұрғали Мамырбаев