Теміртауда жылу қазандығы салынып жатыр
Теміртауда жылу қуаты тапшы, деп хабарлайды 24kz.
Енді бұл мәселе №2 жылу орталығындағы жетінші қазандықтың құрылысы аяқталғанда шешімін табады. Өңірлерді аралап жүрген бір топ Мәжіліс депутаты қосымша агрегаттың құрылыс-монтаждау жұмыстарымен танысты. «Оның күші қаланы жылу және ыстық сумен толық қамтамасыз етуге жетеді», - дейді мамандар. Бұдан бөлек, орталықта бұрыннан қолданыста бар үш қазандық жөнделіп жатыр.
Бауыржан Смағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жетінші қазандық деген үлкен мәселе болатын. Соны 2024 жылы бітіреміз дейді, оны бітірсе, қосымша жылу болады. Теміртауда жылумен проблема бар білесіздер. 200 гигакалория жылу жетіспейді. Мына 7-і қазандықты жаңадан кіргізгеннен кейін 70-80 гигаколория тағы да көмек болады қалаға.