Мәжіліс депутаты талдықорғандықтарды қабылдады

Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев талдықорғандықтарды қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті тұрғындар жол, коммуналдық сала, білім беру және әлеуметтік мәселелер бойынша мазалаған сұрақтарына жауап алды. Мәселен, «Асар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елдос Баялышбаев мүгедектігі бар жандардың мәселесін көтерді. Оның айтуынша, қазір салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде ерекше жандарға толыққанды жағдай жасалмаған. «Тиісті нормалардың бұзылуы жылда қайталанады», - деді ол.

Елдос Баялышбаев, «Асар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Әлеуметтік үйлер салынып жатыр. Сыртында пандустары бар. Кіру оңай. Бірақ нормативтерде ішкі пәтерлердің санузелдері нормалары сақталмаған. Балкондарының есіктерінің нормалары сақталмаған. Заңды тұруға олардың нормалары жоқ. Сол нормаларды енгізсін деген ұсыныс енгіздім.