54 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 54 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Бұған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы ықпал етті.
Қазір Алматы облысында жайылымдық жер тапшы. Ал оның көлемін аңшылық, орман шаруашылығына және ұлттық саябақтарға қарайтын жерлер есебінен ұлғайтуға негіз бар, дейді тұрғындар. Олар бұл ұсыныстарын өңірлерді аралауға шыққан депутаттарға жеткізді.
Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат төрағасы:
- Енді өздеріңізге белгілі, біздің партияның жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы арқылы республика бойынша 11 миллионға дейін жер қайтарылды. Былтырдан бастап осы «Жер аманаты» бойынша Алматы облысында 2023 жылы 224 мың гектар жер қайтарылып, әрбір аудандарда ортақ жайылымға беріліп, халықтың игілігіне пайдаланылып жатыр. Қазір оған біздің «Жер аманаты» комиссиясы күнделікті жұмыс жасап жатыр.