Сұранысқа ие 5 мамандық

Алматының Мансап орталығының басшысы қалада сұранысқа ие бес саланы атады.

Бос жұмыс орындар бойынша – білім беру саласы алда тұр. Одан кейін медицина, өндіріс және бухгалтерия бар. Бұған қоса біліктілікті талап етпейтін 4 мыңнан астам бос жұмыс орнына адам керек.

Алматыда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыруға арналған 6 айлық курстар қарастырылған. Сонымен қатар «Жастар практикасы» бағдарламасы да жемісін беріп келеді. Алдағы 3 жылда үш мыңға жуық зейнеткерді жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Әділет Жаңабаев, қалалық Мансап орталығының басшысы:

- Маусым айынан бастап бізде зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға арналған «Алтын жас» жобасы тағы да жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 111 жұмыс беруші өтініш берді. Бұл жоба аясында жұмыс беруші тағайындаған жалақының 50 пайызын мемлекет субсидия жасайды.