Елімізде 300 судьяның орны бос
Қазақстанда 300 судьяның орны бос. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт айтты.
Ол Петропавлда сала мамандарымен кездесіп, сот жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Судьялардың айтуынша, қазір сот отырысының хатшысын табу оңайға соқпайды. Бұған жалақының төмен болуы себеп. Қазір олар 130 мың теңгеге жұмыс істеуге мәжбүр.
Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жақында елдегі сот жүйесін дамыту үшін заңға бірқатар өзгерту енгізілді. Бірақ оны жүзеге асыру үшін білікті мамандар қажет. Осы ретте судьялардың жағдайын жасап, университет түлектерін де ынталандырған жөн.